Мәдениет & Шоубиз 21.10.2021 сағат 18:20

Баян Алагөзова КешYou тобының жұмысын уақытша тоқтатты

Бұл бизнесті жалғастыру қазір маған тиімді емес...
Баян Алагөзова КешYou тобының жұмысын уақытша тоқтатты
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Кезінде еліміздегі ең үздік қыздар тобы болған "Кешью" тобының болашағы бұлыңғыр. Баян Алагөзова бүгінде продюсерлік жобаларына аса назар аудармай жүр. Оған себеп - кәсіптің бұл түрі бүгінде тиімсіз, - дейді.

Бұл туралы Алагөзова НТК арнасының "Ревю" бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.

"Бұл бизнесті жалғастыру қазір маған тиімді емес. Өйткені қоластымдағылардың пәтері бар, олардың айлығы, педагог пен вокалы, би, ән жаздыру деген сияқты, бәрі менің мойнымда. Сондықтан тоқтаттым", - деді Мақсатқызы.

Қайрат Нұртастың продюсері әрі анасы Гүлзира Айдарбекова да қарамағына жаңа әнші алуға асықпайды. Қазір ол өнерде тек туған балаларына қолұшын созуға дайын. Әзірге өзгенің шығармашылығын дамытудан бас тартқан Айдарбекованың бұған өз себебі бар.

"Қайраттың кезінде мен талай әншілерді Қайратпен қосып алғанмын, бірақ біреудің баласы біреудің баласы, қатты сөйлеп қойсаң өмір бақи жүрегінен кетпейді. Қатты сөйлемесең тағы емін-еркін кетіп қалады да, ұстай алмай қаласың. Шақырылған тойға бармай қалады, концерттерге қатыспай қалады деген сияқты", - деді Гүлзира ханым.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар