$ 494.87  520.65  4.91

«Мектептерде сексуалды білім берілгенін қолдаймын» - Айсәуле Бақытбек

Бикештің айтуынша, аборт жасатқаннан гөрі, жүктіліктің алдын алған әлдеқайда дұрысырақ.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Айсәуле Бақытбек жұбайы Әлішермен заңды некеге дейін бірге тұрған. Қос ғашық Америкада біраз уақыт бойы бірге өмір сүрген. Мұны ашық мойындаған Айсәуле абортқа көзқарасы жайлы баяндады, деп жазады Stan.kz. 

Айсәуле Бақытбек баланы жасанды жолмен алдырып тастауға қарсы екенін жеткізді. Бикештің айтуынша, аборт жасатқаннан гөрі, жүктіліктің алдын алған әлдеқайда дұрысырақ. Бұл ретте Баян Алагөзованың қызы мектептерде сексуалдық сауаттылықты арттыру қажеттігін алға тартты. 

"Мен абортқа қарсымын және мектепте сексуалды білім берілгенін қолдаймын. Оқуға кетпес бұрын жүктілікті болдырмаудың жолдарымен анам таныстырды (21 ғасырда әр қызда солай болуы тиіс деп ойлаймын).
Оның не екенін және не үшін керек екенін айтып берді. Оның үстіне: "Менен жасырып, аборт жасағаныңды қаламаймын. Оның соңы орны толмас зардап әкелуі мүмкін", деді. Одан мен жеңілтек, азғын болып кеткен жоқпын.

Аборт жүктілікті болдырмаудың жолы емес. Бұл - тас ғасыры. Адамдар жоспарланбаған жүктілікті болдырмау үшін контрацептивтерді ойлап тапты. Ал бізде қыздар 2021 жылдың өзінде аборт жасатып жүр. Дамыған елдің дамыған қаласында солай. Жоғары, тіпті бірнеше жоғары білімі бар қыздар сондай қадамға барады. Шалғайдағы мекендерде не болып жатқанын елестету қиын", - деп ойымен бөлісті Айсәуле желідегі парақшасында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары