$ 494.87  520.65  4.91

«Жүрегім тоқтап қалғандай»: Төреғали Төреәлінің әкесі ауруханаға түсті (ВИДЕО)

Қазір әншінің әкесі дәрігерлердің бақылауына алынған
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Хит әнші Төреғали Төреәлінің әкесі Төреәлі Әлиханов ауруханаға түсіп қалды. Әншінің айтуынша, әкесінің жүрегіне операция жасалған, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Қазір әншінің әкесі дәрігерлердің бақылауына алынған. Дәрігерлер Төреәлі Әлихановтың жанына ешкімді жолатпай қойған.

"Әкемнің ауырып қалғанын естігенде, жүрегім тоқтап қалғандай болды. Біз қазір әкемізге келе жатырмыз. Әкеміз ауруханада жатыр. Аяқ астынан жүрегіне операция жасалды. Ол кісіге еш нәрсе жеуге болмайды екен. Әкем бізді емес, ұлым Төренұрдың дауысын есту үшін үйге телефон шалады. Бізді кіргізе ме, кіргізбей ме, білмеймін. Жүрегіне ем болсын деп Төренұрды көлікке отырғызып алдық", — дейді Төреғали Төреәлі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары