$ 494.87  520.65  4.91

«Қайраттың бір көмекшісі ыдысын жуса, екіншісі костюмін ұстап жүреді» - анасы

Қазір көмекші көп қой.
instagram.com/kair_n
instagram.com/kair_n

Отандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың анасы әрі продюссері Гүлзира Айдарбекова ұлының қазір көмекшілері көп екенін айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Анасы баласының осындай дәрежеге жетуі үшін көп еңбек еткенін айтып өтті. Мысалы, қақаған қыста Алматы көшелеріне шығып, концерт афишаларын жапсырып, саусағының үсіген кездері болғанын еске алды.

Бір-екі мәрте балаларға ақша беріп, Қайраттың афишаларын жабыстырып беріңдерші деп сұрадым. Оларға күніне 200 доллардан бердім. Бірақ балалар "түсіп қалды", "ұрлап кетті" деп айтатын. Көшеге шықсам, афиша аз тұрады. Сосын өзім жасауды ойладым,

— деді Гүлзира Айдарбекова Paparazzi бағдарламасында.

Ол ешкімнің көзіне түсіп қалмас үшін түнгі 12-ден кейін шыққанын айтты. Баласының туған күні 25 ақпан екен. Сол туған күннің қарсаңындағы концерттің афишасын ілу үшін әбден әбігерге түскен.

Ол хабарландыру скотчпен де, желіммен де жабыспайды. Сонда тырнағым үсіп кеткен кездері болды, - дейді әншінің анасы.

Ал қазір жағдай өзгерген. Қайраттың көмекшілері көбейген. Енді Гүлзира Айдарбекова мұндай мәселелерге бас қатырмайды.

Қазір көмекші көп қой. Қайраттың костюмін біреу, дискісін екіншісі ұстап жүреді. Көлігін біреу айдайды. Тіпті ыдысты біреу жуып, тамақты біреу істейді десе болады, - дейді продюсер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары