$ 495.2  522.34  4.94

«Тілалғыш, жұмсақ қыз емеспін»: Сейфуллин Жолбарыстың жары енесімен қарым-қатынасы туралы айтты

Екатерина Лилуя еркін қыз болып өскендіктен, екінші анасымен тіл табысу оңайға соқпағанын айтады.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Сейфуллин Жолбарыстың жары енесімен қарым-қатынасына қатысты сауалға жауап берді. Екатерина Лилуя еркін қыз болып өскендіктен, екінші анасымен тіл табысу оңайға соқпағанын айтады. Алайда өзі де "мінезді қыз" болғанын жасырмайды, деп хабарлайды Stan.kz. 

"Мен еркін әрі ашық қыз болып өскендіктен, жиі қиындықтар туындайтын. Қазір біз ене мен келін қарым-қатынасы туралы айтып жатырмыз ғой? Келін болу оңай емес. Өз қалауыңа қарсы жүруге тура келеді. Бірақ осы ыңғайсыздықтардың есесіне енемнен үлкен және теңдессіз тәжірибе алдым. Ол үшін алғысым шексіз. Оған да менімен оңай болмаған шығар. Өйткені мен тілалғыш, жұмсақ қыздардың қатарынан емеспін. Ара-тұра көрсетіп тұратын "тістерім" бар", - деді Екатерина Лилуя Instagram-дағы оқырманына берген жауабында. 

Сондай-ақ, Екатерина Лилуя жағымсыз пікір жазып, көңілін түсіретін хейтерлерге пост арнады. Ол бұдан былай жеке шекарадан аттап, бейәдеп сұрақ қоятындарды бұғаттайтынын ескертті. Және ешқандай сұраққа жауап бермейтінін кесіп айтты.

"Қоғаммен Сейфуллиннің жары ретінде араласа бастағалы менің жеке шекарамды бұзатын, орынсыз, бейәдеп сұрақтарға жауап беріп келдім. Төзімді болдым. Бірақ қазір ойласам, адамдар тек көргісі келгенді көреді екен", - деді Екатерина.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары