$ 447.4  477.55  4.76

Ләйлә Сұлтанқызы сот, буллинг және марқұм ағасы туралы сұхбат берді

Бұл жағдайдың бәрі маған ауыр тиді дейді ол.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Ләйлә Сұлтанқызы ашық сұхбат берді. Бұл жолы ол “Өз ойым” бағдарламасына байланысты туындаған даудан кейін өмірі қалай өзгергенін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz. 

“Бұл жағдай маған ауыр тиді. Кей достарым сырт айналды. Шынымды айтсам, бәрі менен теріс айналғандай сезім кештім. Инстаграмда миллиондай адам шағымданып, парақшамды жапқысы келді. Ол кезде бұл тығырықтан қалай шығарымды білмедім. Заңгерлермен ақылдастым. Ал былай жөн сілтейтін ұстазым болмады. Ұрысып, дауласып, сезімге бой алдырып мәселені шешпейтінімді түсіндім. Сөйтіп заңға жүгіндім. Негізі маған қарағанда анам мен ағам көбірек қиналды. Олар ешнәрсе демеді. Былтыр ағам марқұм болды”, –дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Сонымен қатар журналист буллинг мәселесін қозғады.

“Мен буллингтің құрбаны болдым. Буллинг ұғымының сөздің тілдік қорымызға енгеніне көп бола қойған жоқ. Буллинг дегеніміз - қудалау. Кез келген ситуация буллинг пен хейтке айналуы мүмкін. Бізде қай сөздің намысқа тиетінін, буллинг екенін дәлелдеу қиын”, – дейді ол.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары