$ 494.87  520.65  4.91

«Алла ата-ананы ренжіткен адамның жазасын осы өмірде бермей қоймайды» - Ердос Қанаев

Сонымен қатар, әнші әрбір перзент анасының бетіндегі әжім үшін жауапты екенін айтты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Отандық танымал әнші Ердос Қанаев ата-анаға жақсылық жасауға шақырып, көпшілікке салиқалы әңгіме айтты. Өнер иесі ата-анаға жасалған зұлымдықтың зияны жайлы сөз қозғады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ердос Қанаев ең әуелі Алла, одан кейін ондай құрметке ата-ана лайық деп есептейді. Эстрада жұлдызы бұл тақырып жайындағы жан сырын Батыр блогерге берген сұхбатында ақтарды.

"Біз айтып жатамыз ғой, әуелі Алла, сосын сенің арқаң деп. Олай айтуға тек ата-ана ғана лайықты. Анаң сені 9 ай құрсағында көтеріп жүреді. Еркек адам оған шыдамайды. Мәселен, бір 5 келі затты тастамай көтеріп жүр десең, ондайға шыдамайды. Күні-түні, жатсаң да, тұрсаң да көтеріп жүр десең, ешкім оған келіспейді. Ал әйелдер шыдайды. Олар дүниеге баласын әкелген соң да үнемі сенің қамыңды жейді. Сен үшін уайымдайды. Сенің құламағаныңды ойлап жүреді. Өмірінің соңына дейін сен үшін уайымдеп жүреді. Сондықтан әуелі Алла, екінші ата-анамның арқасы деп айтуға болады”, –деді Қанаев.

Сонымен қатар, әнші әрбір перзент анасының бетіндегі әжім үшін жауапты екенін айтты.

“Ананың бетіндегі әрбір әжім, ағарған шаш үшін біз жауаптымыз. Біз үшін түскен әжімдер ол. Соны болдырмауымыз керек. Ата-анасын құрметтей алмай жүрген небір жігіттер жүр. Олар нағыз ездер. Адам ата-анасынан алыстап Дубайда, басқа жақта жүре беруі мүмкін. Асып-тасып өмір сүруі мүмкін. Бірақ Алла ата-ананы ренжіткен адамның жазасын осы өмірде бермей қоймайды. Егер бір күнә істесеңіз, қияметте оның жазасын алады. Ал ата-анаға деген зұлымдық ол ауыр”, - деді “Жігіттер” тобының мүшесі.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары