$ 446.49  475.38  4.79

Әлемге әйгілі аспаз Ерке Есмаханға Түркияда ас дайындап берді

Әнші Нұсретпен осымен екінші рет кездесіп отыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Етті дайындау тәсілімен әлемге танылған аспаз Нұсрет Ерке Есмаханға өз қолымен ас дайындап берді. Ерке Түркияға сапары барысында Нұсреттің мейрамханасына арнайы кірген. Әнші Нұсретпен осымен екінші рет кездесіп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Азамат Зенкаевпен айырылысқан Ерке бұл жолы саяхатқа жалғыз шыққанға ұқсайды. Әнші желідегі парақшасында Ыстамбұлдағы әдемі кадрлармен бөлісіп жүр. 

Ерке Бурак Озчивит басты рөлді сомдайтын "Османның құрылуы" телехикаясының түсірілім алаңында болып қайтты. Сондай-ақ теңіз жағасында серуендеп, сонда түсірілген әсерлі видеосымен де бөлісті. 

Әнші Ыстамбұлда тұрып жатқан қазақ ақыны Айнұр Тұрсынбаеваның шаңырағында қонақтады. Айтыскер жуырда туған күнін тойлаған Еркеге гаухар тасты жүзік сыйлады.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары