$ 494.87  520.65  4.91

«Ажырастың ғой, орамалыңды шеш»: Мөлдір Әуелбекова өзіне кеңес берген оқырманына жауап берді

Өнер иесі оларға орамалын біреу үшін емес, Алла разылығы үшін кие бастағанын түсіндіруге тырысты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова желіде оқырмандарына азулы жазба арнады. Қалың көпшілік өнер иесі ажырасқанын мәлімдеген соң, оған орамалын шешуге кеңес берген. Алайда, бұл жайт әншіге ұнамай қалған көрінеді. Ол жыр болған тақырыпқа өзі жауап беруді жөн көрген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова өзіне кеңес беріп жатқан желі қолданушыларына қатысты жазбасын Instagram парақшасында жариялап қойған. Өнер иесі оларға орамалын біреу үшін емес, Алла разылығы үшін кие бастағанын түсіндіруге тырысты.

"Жыр болған тақырыпқа нүкте қояйықшы. Жекеме: "Ажырастың ғой, енді шашыңды жайып, орамалыңды шешсең жақсы болар еді, әлі жассың, қартайғанда киіп үлгересің!" - деген сыңайлы хаттар тоқтаусыз әлі келіп жатыр. Түсінемін, ұнатпай жатқандар бар! ( бәріне топырақ шашпаймын). Құрметтілерім, мен орамалды біреу үшін кимедім ғой! Мен Алла разылығы үшін кидім емес пе?! Орамалға келуім де ұзақ болды, 5 жыл ниеттеніп жүріп кидім. Алдыңғы посттың бірінде жазғанмын, мүмкін оқымағандарыңыз бар шығар. Яки, әр адам түбінде өзі үшін жауапты. Әркімнің таңдауы өзінде! Бастысы, ешкімге зияны немесе кесірі тиіп жатқан жоқ қой!

Аласапырып жалаңаштанып жүргенім жоқ қой?! Неге сонша тітіркенесіздер орамалыма?! Қартайғанда киіп үлгересің дейтіндей қартайатынымызға кім кепіл? Кімнің қанша ғұмыр кешетінін тек Алла біледі емес пе? Қаншама жастар кетіп қалып жатыр. Атам заманда шашты қазақта жесір әйел ғана жаятын емес пе еді? Ауыр айтпаңыздаршы! Өтініш! Бұл менің таңдауым! Алланың бұйрығын - менің жаулығымды сыйлаңыздаршы! Иә, мен бұның бәрін елемей қоя салсам да болады! Бірақ, 99 күнә тілден деген бар. Біз мұсылман қауым бір бірімізге бауырмыз! Жанашырмыз! Сол себепті, ең болмаса ұнамаса жәй өтіп кете салыңыздаршы! Тілден күнә жинамаңыздаршы", - деп үндеу жасады ол.

Сонымен қатар, өнер иесі бұл жағдайға өзіне қолдау білдіген жандарға өз алғысын білдірде кетті.

"Есесіне қолдаушыларыма үлкен рақмет! Менің бар болмысымды қабылдай білетін, шынайы өнерімді бағалайтын тыңдарманыма шексіз алғыс! Өнерімді болмысыма қарамай ақ бағалайтын алтындарым сол! Алла сіздерге сансыз сауаптан жазсын! Мен сіздерді Алла разылығы үшін жақсы көремін", - деді Әуелбекова.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары