Арал теңізінің жоғалуы туралы фильм Шукшин фестивалінде бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды «Қазақпарат».
Шукшин кинофестивалінің бас жүлдесіне режиссер Бахтиер Худойназаровтың «Теңізді күту» - «В ожидании моря» атты фильмі ие болды, деп жазады ИТАР-ТАСС.
«Теңізді күту» фильмін Ресей, Қазақстан, Германия және Франция елдері бірігіп түсірген. Фильмде Арал теңізінің тартылып кетуі, көк айдынды іздеуге шыққан балықшының өмірі суреттеледі.
Сайысқа Ресей, Беларусь, Армения, Тәжікстан елдерінен жалпы 11 толықметражды көркем фильм ұсынылды.
Шукшин кинофестивалі «Алтайдағы Жалпыресейлік Шукшин күндеріне» орай 16-шы рет өткізіліп отыр. Соңғы кездері фестивальға ресейлік фильмдермен қатар шетелдік фильмдер де қатыстырылуда.