$ 447.4  477.55  4.76

Қазақ қызы танымал Қытай фильмінде басты рөлді сомдап жатыр

Бұл жөнінде Massaget.kz хабарлап отыр.

Қытайда өнерін шыңдап жүрген ару қыздарымыздың бірі - Риза Әлімжан. Қытайдың кино саласында Reyizha Alimjan немесе Rayza деген есімімен танымал. Ол 1986 жылы 15 шілдеде Бейжің қаласында дүниеге келген. Қытайдың Baidu іздеу желісіндегі дереккөздерге сүйенсек, таза қазақ отбасында тәрбиеленген. Қыздың ата-анасы Бейжің қаласының тіл орталығында жұмыс істейді екен. Ризаның хоббиі: ән айту, саяхатқа шығу, кітап оқу.

Ризаның танымалдылығы 15 жасынан бастап артқан. Ең жас сәнбике ретінде атақты сән туралы «Ruili» журналының алғашқы беттеріне бірнеше рет шыққан. Бұған дейін «Соқыр кино», «Үлкен шайқас», «Сәттілік келе жатыр», «Жень Хуан Чуан ғибадатханасы» сияқты тағы да басқа фильмдер мен мелодрамаларға түскен. Дәл қазір «Біз ғана білетін мекен» («Somewhere Only We Know») атты кинода оңтүстіккореялық SM Entertainment агенттігі құрған EXO тобының бұрынғы мүшесі Ву Ифанмен бірге түсуде. Фильмнің премьерасы келер жылдың ақпан айына жоспарланып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары