Актер Асылхан Төлеповтың кішкентай сәбиімен қоштасты. Қайғылы хабарды актердің өзі мәлім етті.
"Қош бол, Құлыным" деп жазу қандай қиын….Жүрегім! Батырым менің! Балам, қысқа ғана өміріңде көп нәрсені түсіндіріп кеттің… Сені құшақтап, сүйсем ғой… қоштасып та үлгермедім… Не істейін? Не айтайын…? Кішкентай ғана құлыншағым! Қолымыздан келгенін бәрін жасадық… Алла беруші, Алла алушы. Аханым-ау….”, – деп жазды Төлепов.
Асылхан Төлепов кішкентай сәбиімен осылай қоштасты. Отбасы қолдан келгеннің бәрін жасағанымен, ұлы аман қалмады.
Желі оқырмандары мен өнер өкілдері жұбату сөзін айтып, қолдауға тырысты.
“Алла сабыр берсін, Асылхан, Айсұлу.. Қайғыңа ортақпын”, – деді Гүлнұр Оразымбетова.
“Иманды болсын, Алла сабыр берсін”, – деді Тәуекел Мүсілім.
“Алла сабыр берсін, алтын бауырым. "Инна лиллаһи уә иннә иләйхи раджиун" (Алладан келдік және оған қайтамыз!), – деп жазды Төреғали.
“Иманды болсын перiште. Кез келген қолдауға дайынмын, бауырым”, – деді Айжұлдыз Адайбекова.
“Аллам шапағатшы болсын. Қайғырып көңіл айтамыз”, деді Дәулет Төлетайұлы.
Қайғыларыңа ортақпын, Асылхан балам. Періште болып кетіп, періште болып кетті. Ана өмірде шапағатшы болсын. Аллам орнын иманды ұрпақпен толтырсын”, – деді Жанар Айжанова.
“Жаным-ау. Бәріміз Алладан келдік. Дәм-тұзымыз таусылған соң бәріміз Аллаға қайтамыз… Асыл бауырым өз-өзіңе бекем бол… Алла сабыр берсін…”, – деді Жігер Ауыпбаев.
stan.kz