02.05.2022, 23:05

«Мынаны оқып көзіме еріксіз жас келді»: Төреғали Төреәлінің қарындасы тосын мәлімдеме жасады

Өмірім жайлы, өзім жайлы көп ойландым.

Өзінің 21 жас туған күнін Нью-Йоркта қарсы алған Фариза Төреәлі жұртшылықты таң қалдарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Бұл ай мен үшін тосынға толы болды, түрлі  жайттардан сабақ алдым, өмірім жайлы, өзім жайлы көп ойландым. Үлкен және жаңа өмірге қадам басып, Алла қалауымен орамалға келдім", деп жазды Фариза Төреәлі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. 

"Күшті, маған да нәсіп етсін", "Орамал сондай жарасып-ақ тұр", "Шабыттандырасыз!", "Мен де сол күнді аңсап жүрмін", "Мынаны оқып көзіме еріксіз жас келді", деп желі қолданушылары жарыса пікір жазды.