$ 443.85  474.3  4.8

Екі қолсыз туған қазақ суретшісінің туындысы Жан-Клод Ван Даммға жетті

Қарағандылық суретші Кәріпбек Күйіков атақты Голливуд актері Жан-Клод Ван Даммға өз картинасын сыйға тартты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қарағандылық суретші Кәріпбек Күйіков атақты Голливуд актері Жан-Клод Ван Даммға өз картинасын сыйға тартты. Ол өзінің бейне үндеуінде өнер иесіне алғысын білдірді. Бұл туралы Кәріпбектің өзі Facebook парақшасында хабарлады.

«Достар, мақтаныш сезімі кернеп тұр. Шегінен асып кетті. Бұған себепкер болған – Дәуіт Шайхисламов, Әлихан Жарылғапов және Ермекжан Өсіпбеков. Олардың күш-жігерінің арқасында ұлы Жан-Клод Ван Дамммен кездесу құрметіне ие болдым. Менің бір туындым осы атақты суретшінің коллекциясына енгенін мақтанышпен айта аламын. Жан-Клод Ван Даммның фильмдерімен бірнеше ұрпақ өсіп-өнген шығар», –  деп жазды суретші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары