$ 443.35  475.54  4.82

Анджелина Джоли тістеген круассан 15 млн теңгеге сатылмақ

Жартылай желінгеніне қарамастан, әлгі тәттіні сатылымға шығарушылардың дәмесі зор.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Украинада атақты актриса Анджелина Джоли тістеген круассан сатылымға шығарылды. Оның бағасы да қомақты деп хабарлады turkystan.kz.

Жартылай желінгеніне қарамастан, әлгі тәттіні сатылымға шығарушылардың дәмесі зор.

Евгений есімді украиналықтың айтуынша, актриса 30 сәуірде Львовқа барған кезде дәмханада ас ішкен. Оның сол кезде жеп тауыспаған круассаны сатылымға қойылған. Тіпті желіде жарнаманың скриншоты жарияланды.

Фотоға қарағанда, сатушы Голливуд жұлдызы барған мекемеде тазалықшы болып жұмыс істейді. Ол жартылай жеген нан өнімі үшін саудаласу мүмкіндігімен миллион гривен (шамамен 15 миллион теңге) сұрап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары