$ 494.87  520.65  4.91

Джонни Депп бұрынғы әйелі Эмбер Хердке қарсы сотта жеңіске жетті

Сот шешімімен актриса бұрынғы күйеуіне жала жапқаны үшін кінәлі болып танылды. Енді ол Деппке 15 миллион доллар төлеуі тиіс.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Әлемге әйгілі актерлар Джонни Депп пен Эмбер Хердке қатысты сот ісі аяқталды. Сот шешімімен актриса бұрынғы күйеуіне жала жапқаны үшін кінәлі болып танылды. Енді ол Деппке 15 миллион доллар төлеуі тиіс, деп жазады Vogue басылымы. 

Джонни Депп та өз кезегінде Хердке моральдық шығын ретінде екі миллион доллар төлейтін болады. Бұрынғы ерлі-зайыптының соты Вирджиния штатында өтті. Алты апта бойы куәгерлерден жауап алып, істі үш күн талқыға салған сот алқасы шешімді актердің пайдасына шығарды. Айта кетерлігі, 2018 жылы Эмбер Херд Деппен ажырасқаннан соң The Washington Post басылымына мақала жазып, онда өзін "үйдегі зорлық-зомбылықты насихаттаушы қоғам қайраткері" ретінде сипаттады.

Алайда актриса мақаласында Джонни Депптің атын атамаса да, бұл жайт актердің мансабына кері әсерін тигізген. Депп 2020 жылы өзіне жала жабылғанын айтып, сотқа шағым түсірді. Ол бұрынғы әйелінен 50 миллион доллар көлемінде шығынды өтеуді талап етті. Нәтижесінде Херде де актерге қарсы шағым түсіріп, одан 100 млн доллар талап етті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары