Мәдениет & Шоубиз 10.06.2022 сағат 12:40

Күйеуімен ажырасып кеткен Альмира Тұрсын кездесіп жүрген азаматы барын айтты

Бұрынғы күйеуі екеуінің Зайыр есімді ұлы бар.
Күйеуімен ажырасып кеткен Альмира Тұрсын кездесіп жүрген азаматы барын айтты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Өткен жылдың қазан айында Альмира күйеуімен ажырасқалы жатқанын айтып, ажырасу процесінің "барлық жағынан қиын" екенін атап өтті.

Бұрынғы күйеуі екеуінің Зайыр есімді ұлы бар. Жанкүйерлер Instagram желісінде актрисадан “қазір жалғызсыз ба?” деп сұрады.

"Жеке өмірімді көпшілікке жария етпеймін! Көрсетпеймін, айтпаймын. Жоқ, жалғыз емеспін! Мен анамын, қызбын, әпкемін. Менің отбасым, достарым, сүйікті адамым және сіздер, менің бақылаушыларым және оқырмандарм барсыздар", – деп жауап берді патшайым рөлін орындаған Томирис.

Осыдан кейін жанкүйерлер “ер азаматтың бойынан қандай қасиеттерді бағалайсыз?” деп сұрады. 

"Осындай сұраққа жауап берген еді. Тағы қайталаймын: Құдайға сенімі бар, өмірлік ұстанымдары бар, тектілігі, ақыл мен мінезі, даналық пен парасаттылық, жауапкершілік, еңбекқорлық, мейірімділік, жомарттық, зейінділік пен сезімталдық, әзілі, тазалық пен талғамы және стилі болғаны жақсы. Бұл – бірінші пункті", – деп күлді актриса.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар