Мәдениет & Шоубиз 10.06.2022 сағат 22:15

Бекерге жылатты: Гүлзира Айдарекова Қайрат пен Еркенің арақатынасы жайлы айтты

Әншінің анасы сын айтқыштардың сынықтан сылтау іздейтінін түсіндірді.
Бекерге жылатты: Гүлзира Айдарекова Қайрат пен Еркенің арақатынасы жайлы айтты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұған дейін Қайрат пен Еркені көңіл қосты деп сөккендер табылған еді. Әсіресе, Қайраттың туған күн кеші үшін Мальдивке барып, құшақтаса құттықтауын білдірген әнші қыз сын астына қалғанын жазады Stan.kz. Жұлдыз бен Қайраттың екі жақта жүргенін байқаған желі оқырмандары Еркені жерден алып жерге салды. Тіпті әнші бұл үшін көзіне жас алған.  

«Еркенің Қайратта, Қайраттың Еркеде тіпті ойы жоқ. Ол бір-біріне қарындас-аға секілді. Әпке-іні секілді қатынаста. Қуаласып ойнайды. Артық сезімі жоқ. Еркеден тіпті ұят болды. Масқара. Еркені бекерге жылатты. Олай болмау керек еді. Ерке Жұлдызбен де, Қайратпен де араласады. Оның еш арам ойы жоқ», – деді продюсер. 

Әншінің анасы сын айтқыштардың сынықтан сылтау іздейтінін түсіндірді. 

Ал Қайрат Нұртас жары Жұлдызбен бірге демалып жүрген сәтінен бірнеше фото-видеолар жариялап, бірге екенін түсіндіруге тырысты.

Күні кеше Қайрат Нұртас кенже ұлымен теңізге аттанды. Қайрат Черногорияда демалып жатқан жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімованың жанына барды. Қайрат бірге түскен суреттерін жариялап, Жұлдызбен ажырасты деген қауесетке нүкте қойды.

«Білмеймін, әншімін бе, актёрмін бе, режиссёр әлде сценариспін бе? Анашым, аяқ-қолым сау және сондай ақылды етіп туып өсіргеніңізге Аллаға сансыз шүкір!», – деп жазды әнші. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар