$ 444.32  473.33  4.76

Димаштың Алматыдағы алғашқы жеке концерті қашан өтетіні белгілі болды

Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт нысандарының бірі – Алматының Орталық стадионында өтеді.

2022 жылдың 23 қыркүйегінде Алматыда Димаш Құдайбергеннің «Stranger» атты концерті өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz өнер иесінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Димаш көптен күткен жаңа концертін Қазақстанның оңтүстік астанасы – Алматыда алғаш рет өткізеді. 

Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт нысандарының бірі – Алматының Орталық стадионында өтеді.

Билет сатылымының басталғаны туралы ақпарат Димаш Құдайбергеннің ресми жаңалықтар порталы – DimashNews.com сайтында жарияланбақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары