$ 448.89  477.93  4.76

Жұлдыз Әбдікәрімова тұрмысқа шыққаннан кейінгі 10 жылда немен айналысқанын айтып берді

Ол 10 жыл бойы отбасына уақыт арнаумен қатар, өзін барынша жан-жақты дамытуды да ұмытпаған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова тұрмыс құрғаннан кейінгі 10 жылда немен айналысқанын айтып берді. Қайрат Нұртастың әйелі бұл уақытта тек бала тәрбиесімен ғана емес, өзін дамытумен де айналысқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

Жұлдыз Әбдікәрімова көпшіліктің көкейінде жүрген сұраққа Instagram парақшасында жауап берді. Ол 10 жыл бойы отбасына уақыт арнаумен қатар, өзін барынша жан-жақты дамытуды да ұмытпаған.

"Көбіңізге бұл жайтты түсіну қиын әрі қызық екенін білемін. Шынымды айтсам, қазір өзім де таңқалам, расымен 1 жыл емес, 3 жыл емес, 10 жыл. Ең әуелі, әйелдік-келіндік, аналық миссиямды орындадым. Төрт баламды ауыртпай-сырқатпай, денсаулықтарына мән беріп өсірдім. Өзім де дамыдым. Рухани, білім, моральдық-психологиялық жағынан дамыдым. Оның ішінде өзіме көңіл бөлдім. Сыртқы сымбаттылық, фигура, бет күтімі, жалпы денсаулыққа қарау, бәріне толықтай мән бердім. Ешқайсысын қалдырмадым. Балаларым енді мектеп қабырғасына барған кезде толық өзімді қолға алып, сіздерге өзімнің даму жолымды бөлісуді жөн көрдім", - деді актриса.

Айта кетейік, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімованың өнер саласына қалай келгені туралы жазған болатынбыз. Оның актриса болуына әкесі қарсылық танытқан. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары