$ 498.51  522.84  4.81

«Елім менің» патриоттық ән байқауы

Шымкенттегі Түркістан сарайында химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің ұйымдастырыуымен «Елім менің» атты патриоттық ән байқауының ақтық сыңы болып өтті. Салтанатты шараға сайдың тасындай іріктелген 10 жұп бақ сынап, кіл мықтыны анықтады.

Тек білімділер мен талаптылар оқитын мектепте мұндай байқауларды өткізу дәстүрге айналған. Себебі, оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттілігін артырып, сахнаға бейімделуіне жол ашады, - дейді мектеп басшысы. 

Ынтымақтастықты рухты ту еткен, патриоттық әндер байқауында кіл мықтылар бақ сынауда. Дүбірлі додада бағы жанып, бабы келіскен ең үздік жұпқа Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнайы дайындалған кубогы табыс етіледі.

Байқау шарты бойынша, әрбір оқушы ата-анасымен немесе ұстазымен  бірге ән шырқауы қажет. Әннің естісін айтып, тыңдарман көңілінен шығуға ұмтылғандар қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып жатты. Қатысушы өнерпаздардың барлығы да үлкен дайындықпен келгені көрініп тұр. Киелі сахнаның  төрінде тартынбай тайсалмай көпшілік алдында өнер көрсету, үлкен жауапкершілікпен батылдықты талап етеді. Бүгінгі байқауда 10 жұптың ішінен дара шығып, бас жүлде Ләззат Әуелбекова мен Рамазан Тұрдыға бұйырды. Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне білімді жастардың қосар үлесі орасан.

Айта кетейік, облыс аумағында 21 қараша күні «21 жұлдызды күн» акциясы басталған болатын. Іс-шара 15 желтоқсанға дейін жалғасатын болады. Бұл күндері мерекелік концерттер, рухани кештер, халықтық шерулер, әзіл-сықақ театрларының қойылымдары және өзге де шаралар өткізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары