$ 498.34  519.72  4.85

Тәуелсіздіктің төл қуанышы ақындар шабытымен

Мақтаралдың мақтанышы болуға лайық жастар бұл күні халық ауыз әдебиетінен нәр алып, айтыста сынға түсті. Жыр мүшәйрасын облыстық Мәдениет басқармасы ұйымдастырды.

«Мырзашөлдің мәнерлі жыр мұрасы». Сөз сүлейлері бұл додада елдің тауқыметті тарихи жылдарын естіп-білуі бойынша жырға қосты. Шабыт шалқып, қара сөзден қаймақ қалқығандар облысымыздың әр аудан-қаласынан келіп, өз жерінің намысын атойлады. Тәуелсіздікті жаһұт жырына тамызық қана етпей, дәстүрлі ән, би өнерлерін де жаңғыртты. Жыр додасында белгілі ақын-сазгер Мұхтар Құралов пен жуырда ғана Тәуелсіздік толғамымен айтыс мінберінде бас жүлдені жеңіп алған айтыскер ақын Анар Жаппарқұлова, Маржан Есжанова, Азат Әмірлер қазылық етті.

Айтыс табалдырығын алғаш аттағандар басым болғандықтан, сайыс ережесіне қатаң талап та қойылған жоқ. Жүзден жүйрік шыққандар мен ерекше көзге түскендер лайықты жүлделер мен сыйлықтарға ие болды.

Қазақтың дәстүрлі өнерінің өресінің биік болып тұрғандығы Тәуелсіздіктің арқасы. Айтыс – ғасырдан ғасырға жалғасқан ата-бабадан аманат ретінде келе жатқан қазақтың басты құндылығы. Шара барысында осындай құнды ойларды алға тартқан келелі әңгімелер де болды.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өтіп жатқан «25 жұлдызды күн акциясы» аяқталуға жақын. 21 қарашада бастау алған шара 15 желтоқсанда мәресіне жетеді. Оның аясында түрлі мерекелік және рухани шаралар өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары