$ 448.89  477.93  4.76

Көркем сөз оқу шеберлерінің «шайқасы»

Мұндай сайыстың Оңтүстікте өтуі бірінші рет емес. Қаймағы бұзылмаған өңір үшін, көркем сөз оқу шеберлерінің мықтысын таңдау қиындық туғызады. Себебі, бетпе-бет кіл мықты оқушылардың кідірместен мәнерлеп оқу шеберлігін көргенде, таңдай қақпай тұра алмайсың.

Шығармашыл жандардың шабытын ашып, делебесін қоздырған байқаудың бірі Кентау қаласындағы оқушылар сарайында ұйымдастырылды. «Отан деп соққан жүрегім» деп, бастаған оқушылар туған жер, туған ел, Тәуелсіздік байрақтары барысынан өлеңдер оқыды. Іс-шара барысында қала әкмінің орынбасары Р.Мыңбаев көпшілікті мерекелерімен құттықтап, жарысқа қатысушы жастарға жеңіс тіледі.

«Тәуелсіздіктің қадірін бізге өрнекті сөздерімен жырға қосып жеткізген ақындарымыз жетерлік. Олардың қаламынан туған әрбір ой, әрбір шығарма ертеңгі ұрпақ үшін рухани азық. Соны Сіздер шын жүректеріңізбен қабыл алып, өз замандастарыңызға мәнерлеп, таным-түйсігіне жеткізе білсеңіздер, соның өзі біздер үшін бір бақыт. Қуаныштымын. Біріңіз қалмай, қазақ тілі үшін деп, әдебиетке жанашырлықпен қарағандарыңызға айтар алғысым шексіз. Тілі ұмытылмаған халықтың ұлттық құндылығы жоғалмайды, оны жоғалтпайтын мына сіздерсіздер. Мерекелеріңізбен баршаңызды құттықтаймын!»,-деді Р.Мыңбаев.

Сайыстың қазылары ретінде білім беру бөлімінің бас маманы Т.Асанов, ішкі саясат бөлімінің инспекторы Р.Алимбекова, жастар орталығының инспекторы А.Кеналиев төрелік етті. Нәтижесінде бірінші орынды №9 мектептің оқушысы Жансұлу Алиакбар сайыстың жеңімпазы атанды. Жарысқа қатысып, белсенділік танытқан оқушылар да мақтау-марапаттан құр қалған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары