$ 498.34  519.72  4.85

25 кітап оқиық!

Ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлығын тойлау мүмкіндігі беріліп отырғанда, оңтүстікқазақстандық жастар 25 кітап оқу бастамасын көтерді. Отырар ауданының оқушылары аталған акцияға бірінші боп үн қатты. Арнайы марафон ұйымдастырып, «Біз 25 кітап оқимыз» деп, шынайы түрде өздері басқосып, оқулыққа үңілді.

Игілікті істің мақсаты – мектеп жасындағы өскелең жастың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, насихаттау, отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады. Шараға аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Әліш қатысып, ел ертеңі жастарды мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мен қазақстандықтарға, әсіресе жастарға тағы да айтамын: кітап оқыңыздар! Бүгінде ұлттың бәсекеге қабілеттілігі оның білім деңгейіне байланысты. Кітап адамды жан-жақты дамытады, өсіреді. Ой-өрісін кеңейтеді. М.Әуезов бабамыз айтқандай, адам мен адамның айырмашылығы тек ақылдарында. Ал, ақылды болу үшін әрине, ең бірінші өнегелі өсиеттерін жазып кеткен, ғұмырлы тарихы бар тұлғалардың өмір баянын, қазақ әдебиетін оқып өсу керек» деп, сөзін дәйектеген аудан әкімінің орынбасары жиналған жұртты кітап оқуға үндеді.

Кітаптың ұлы білімге бастайтынын және кітаптың құндылығы сол ақылды қуаттандыратынын айтып өтті. Сайысқа аудандағы білім ұяларынан 5 команда қатысып, «Білімді оқырман болашағымыз», «Кітап қасиеті - мәңгілік», «Күш білімде – білім кітапта», «Тапқыр болсаң, тауып көр» кезеңдерінде бақтарын сынады.

Сайыс барысында оқушылардың үлкен дайындықпен келгендігі айқын аңғарылды. «Тәуелсіз еліміздің болашағы, ертеңі үшін барлық күш-қайратыңды заман талабына сай терең білім алуға жұмсаңдар» деген ұлағатты ұстаздар ұстанымы жастарға айтылғандай. Расында, өскелең ұрпақты ізкілікке тәрбиелеп, кітап оқуға шақыру – оң бастама.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары