01.09.2022, 17:40

Әйгілі «Дос-Мұқасан» тобы жайлы фильм жарыққа шығады

Фото: ашық дереккөз
Қыркүйек айының соңында отандық кинотеатрларға шығатын туынды жарты ғасырға жуық тарихы бар ансамбльдің тарихын баяндайды.

Шығарылым түрлі жастағы аудиторияны өзіне баурап алатын отбасылық кино болмақ.

«Музыка, талант, алғашқы махаббат, сенім мен нағыз достық жайлы құрылған шынайы жүрекжарды оқиға баяндалады», – дейді фильмді таспалағандар.

Туынды режиссері – Айдын Сахаман. Басты рөлдерді Мейірғат Амангелдин, Мақсат Сәбитов, Елдос Шайкенов, Саят Мақұлбаев, Айғаным Сағынбаева, Нұрғиса Қуанышбайұлы, Артур Асқарұлы сынды әртістер ойнайды. Сондай-ақ фильмде «5:32» веб-сериалы арқылы жалпақ жұртқа танылған Әбілмансұр Серіков те төбе көрсетеді.