$ 498.34  519.72  4.85

Ауылға әртiстер келдi!

ҚР Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай облыстық әзiл-сықақ және сатира театрының әртiстерi  «Өнерiм саған, ауылым!»  атты гастрольдiк iссапармен  Түркiстан қаласына қарасты Оранғай ауылына барып,  көпшiлiкке У.Әбдiрайымовтың  «Базарыңның барында» сазды-думанды қойылымын ұсынды.  Қойылымда өнер көрсеткен Ж.Ақшора, Ғ.Қаппаров, Н.Құлшымбаев, К.Қалмұрзаева секiлдi әртiстер көрермендерге мерекелiк көңiл-күй сыйлады.

Театр әртiстерiнiң өнерiне риза болған ауыл әкiмдiгi театрдың танымал әртiстерi Уәлибек Әбдiрайымов пен Жүсiп Ақшораға шапан жауып, құрмет көрсеттi. Труппа, сонымен қатар,  Кентау қаласы мен Отырар, Түлкiбас, Төлеби, Созақ аудандарына қарасты шалғайдағы елдi мекендерде болып, У.Әбдiрайымовтың «Күле алмасаң...»,  «Базарыңның барында»  сазды-думанды қойылымдары мен М.Айтжановтың балаларға арналған «Тентек теке» ертегiсiн сахналады.

– Жоба бойынша ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай шалғайдағы 25 ауылға көрсетiп жүрген концерттiк қойылымдарымыздың басым бөлiгiн қайырымдылық және мерекелiк тарту ретiнде ұсынудамыз. Гастрольдiк сапарымыз алдағы уақытта одан әрi жалғасады, – дейдi театрдың көркемдiк жетекшiсi

Айта кетейік, «25 жұлдызды күн» акциясы аясында Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінде ондаған іс-шара өтіп үлгерді. Олардың қатарында әдеби және рухани кештер, мерекелік концерттер, спорттық жарыстар және қолөнер шеберлерінің, суретшілердің көрмелері бар. Аталған акцияның өзі 15 желтоқсанға дейін жалғасатын болады.

«Оңтүстік Қазақстан»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары