$ 498.34  519.72  4.85

Ақын Нұрманұлы төрге шыққан күн

Ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы аясында А.С.Пушкин атындағы облыстық кiтапханада ақын Сабырбек Нұрманұлының 60 жылдық мерейтойына арналып, «Найзағайдай от шашып, жарқылдаған» атты кездесу кешi өттi.

Басқосуға ақынның ұстаздары, үзеңгiлес достары, зиялы қауым өкiлдерi мен қаламгерлер қатысып, мерейтой иесiне iзгi ниет-тiлектерiн бiлдiрдi.  Е.Тұрысов, Ү.Шойбек, Н.Бегалыұлы, А.Асқарұлы сынды ақын-жазушылар, зиялы қауым өкiлдерi  кеш қонағы болып, ақын шығармашылығының ерекшелiктерiне тоқталды. Көпшiлiк ақынның өмiр тарихы жайында  сюжет тамашалады. ОҚПУ, ОҚМУ студенттерi  мен №7 лицей-мектебiнiң оқушылары кеш иесiнiң  өлеңдерiн, ақынға  арнауларын оқыды.

Сабырбек Нұрманұлының бокс ардагерi  Ақжол Асқарұлына арналған «Ақжол» толғауы сахналанды. Жасөспiрiмдер орталығының күйшiлер тобы «Ерке сылқым» күйiн орындады. Мың бұралған бишiлер кештiң көркiн кiргiздi. Композиторлар Қайрат Көлбаев пен Лесбек Амановтың С.Нұрманұлының сөзiне жазылған  «Апа», «Әндерiндей Шәмшiнiң», «Мұңайма» әндерi орындалды.

Айта кетейік, «25 жұлдызды күн» акциясы аясында Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінде ондаған іс-шара өтіп үлгерді. Олардың қатарында әдеби және рухани кештер, мерекелік концерттер, спорттық жарыстар және қолөнер шеберлерінің, суретшілердің көрмелері бар. Сонымен қатар, қайырымдылық шаралары да әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына үлкен мүмкіндіктер туғызбақ. Жалпы, аталған акцияның өзі 15 желтоқсанға дейін жалғасатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары