$ 498.34  519.72  4.85

«Шаянға барсаң әншiмiн деме»

Ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай Бәйдiбек ауданының өнерпаздары жырдан шашу шашты. Облыстық дәрежеде өткен «Шаянға барсаң әншiмiн деме» атты ән байқауына өңiрiмiздiң әр түкпiрiнен көптеген өнерпаздар келiп бақ сынады. Кезiнде заңғар жазушы Мұхтар Әуезов Қаратаудың етегiн жайлаған елдiң өнер десе iшкен асын жерге қоятын ынтасы мен ықыласына риза болған екен. Сол кездегi Алғабас ауданында қаламгер әр шаңырақтан әнге құмар жандарды жолықтырған дейдi. «Шаянға барсаң әншiмiн деме» деген сөз содан қалған екен.

Бүгiнгi бәйдiбектiктер мұны мақтанышпен ауызға алады. Айтулы азаматтың бағасына лайықты болуға тырысады. Облыстық ән байқауының осылай аталуының негiзгi себебi де осында жатыр.

Байқаудың ақтық сынына 17 өнерпаз жолдама алды. Ән додасына белгiлi композиторлар Қалдыбек Кұрманәлi, Жарылқасын Дәулет және әншi Әбдiхан Нұрмаханбетов қазылық еттi. Өнер өлкесiнде өз орнын табуға лайықты деген үмiткерлер арасынан байқаудың бас бәйгесi Сарыағаш ауданынан келген Өсербай Бөрiхановқа табыс етiлдi. Әншiлiк өнерi өзгелермен салыстырғанда жоғары бағаланған талапкерге үлкен сенiм артылды. Ал, жүлделi бiрiншi орынға бәйдiбектiк Асан Сыдықов лайықты деп танылса, екiншi орын Арыс қаласынан келген Жұлдыз Әдiлбековаға бұйырды. Үшiншi орынды отырарлық Шоқан Теңлiбаев пен ордабасылық Айнұр Әубәкiрова жеңiп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары