$ 444.22  476.38  4.82

«Асыл сөздi iздесең, Абайды оқы, ерiнбе»

«Ұлы дала елi – Тәуелсiздiктiң 25 негiзi» атты 25 жұлдызды күн акциясы аясында Шымкент қаласындағы №83 жалпы орта мектебiнде «Тәуелсiздiк жылында 25 кiтап оқимыз» атты оқушылар арасында кiтап оқу марафоны өттi. Сондай-ақ, мәнерлеп жатқа айтудан «25 жыл – 25 жыр» сайысы ұйымдастырылды. «Тамыры терең бәйтерек» атты тарихи-танымдық тәрбие сағаты мемлекет қайраткерi, қолбасшы, дипломат Абылай ханға арналды. Ағартушы, педагог, жазушы Ы.Алтынсариннiң туғанына 175 жыл толуына орай «Сөнбейтiн шырақ, қанбайтын бұлақ», «Жыр алыбы – Жамбыл» поэзия кешi секiлдi әдеби шаралар ұйымдастырылуда.

Жақында 8-сынып оқушылары арасында «Асыл сөздi iздесең, Абайды оқы, ерiнбе» атты Абай оқулары байқауы өттi. Байқауға қатысушылар «Абай – дана, Абай – дара қазақта», «Абайды оқы, тәлiм ал», «Дархан халықтың дана Абайы» тақырыптары бойынша сынға түстi. Оқушылар байқауға жақсы дайындықпен келгендерiн көрсеттi.

Байқаудың қорытындысы бойынша Мөлдiр Ибадуллаева – бас жүлде, Болғанай Әлiмқұлова – I орын, Венера Әбiлдаева – II орын, Әсем Әбсаттарова III орынды иелендi.

Оқушыларға Тұңғыш Президентiмiз Н.Назарбаевтың өмiрi мен еңбек жолы жайлы мәлiметтер беру, Елбасымыздың ел үшiн жасаған iстерiн үлгi-өнеге ету, оқушылардың өз Отанын, халқын сүйетiн азамат болып өсуiне, елжандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында «Елiн сүйген, елi сүйген Елбасы» атты iс-шара өттi. Балалар Президенттiң өмiр жолымен танысып, қызықты мәлiметтерге қанықты. Өлеңдер оқып, сұрақ-жауап арқылы бiлiмдерiн толықтырып, тапқырлық танытты. Сондай-ақ, шетел Президенттерiнiң Елбасы жайлы айтқан ойлары бойынша ұйымдастырылған қойылымды тамашалады.

Назира ӘБIШ, №83 жалпы орта мектебiнiң кiтапханашысы. Шымкент қаласы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Келесі жаңалық
Ақынын iздеген ел...