$ 444.22  476.38  4.82

Ақынын iздеген ел...

Қазақ поэзиясында өзiндiк қолтаңбасы бар ақын, К.Симонов атындағы әдеби сыйлықтың иегерi Нармахан Бегалыұлының есiмi өлеңсүйер қауымға етене таныс. Басқасын былай қойғанда, орыстың ғажайып лирик ақыны Афанасий Феттiң өлеңдерiн қазақ тiлiне құнарын жоғалтпай, мөлдiрете аударған еңбегiнiң өзi не тұрады?!

Нарағаң тектес таланттардың өнер, әдебиет турасында жастарға айтары көп. Жуырда Қазақстан Тұтынушылар одағы Шымкент экономикалық колледжiнiң ұжымы (директоры Асылбек Бәшенов) ақынмен қызықты кездесу өткiздi. Тәуелсiздiк, азаттық атты қасиеттi ұғымды осыдан 40 жыл бұрын қанатты тұлпар арқылы көрегендiкпен меңзеген ақынның айтары аз болмады.

Терең тарихымызды сонау Орхон-Енисей жазбаларынан бастаған ақын тәуелсiздiктiң мән-мазмұнына айрықша тоқталды. Қазақстан егемендiгiн алған 25 жыл iшiндегi Мемлекет басшысының ерекше еңбегiн өлең оқи отырып, нақты мысалдармен жеткiзген сөздерiн студенттер ұйып тыңдады. Орысша, қазақша қойылған сұрақтар да лайықты жауаптарын алды. Елiмiздiң ертеңi саналатын жастар мен зиялы қауымның осындай кездесулерi ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, болашаққа деген үмiт отын үрлейдi. Колледж басшысының тәрбие iсi жөнiндегi орынбасары Жанна Түнғатарова жиын соңында ақынға ұжым атынан алғыс бiлдiрдi.

Айта кетейік, «25 жұлдызды күн» акциясы аясында Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінде ондаған іс-шара өтіп үлгерді. Олардың қатарында әдеби және рухани кештер, мерекелік концерттер, спорттық жарыстар және қолөнер шеберлерінің, суретшілердің көрмелері бар. Аталған акцияның өзі 15 желтоқсанға дейін жалғасатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары