$ 494.87  520.65  4.91

«Көбі хайп үшін»: Ерке Есмахан хиджапты ойыншық қылған әріптестерін сынады

Орамалға сәйкес емес іс-қимыл мен хайп, контент үшін жасалып жатқан дүниелерді көргенде жаным ашиды.

Белгілі әнші Ерке Есмахан орамал тағып, бүркеніп жүрген әріптестеріне сын айтты, деп хабарлады Экспресс К. 

Оның пікірінше, жұлдыздардың көбі орамалды "хайп үшін тағады" екен. Оны әнші көріп те, біліп те жүр.

Өнер иесі өз ойын Instagram-дағы парақшасында жазды. Оқырмандардың бірі оған сұрақ-жауап бөлімінде "сіз де болашақта өзге жұлдыздар сияқты орамал тағатын шығарсыз?" деп сұрайды. Ол сұраққа әнші әзірге дайын емеспін дегендей сыңай танытты.

— Орамалға келген әр пенденің ниетін білуші әрине, бір Алла. Бірақ, көп деген әншілер орамалға сәйкес емес іс-қимыл мен хайп, контент үшін жасалып жатқан дүниелерді көргенде жаным ашиды, - дейді Ерке Есмахан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары