Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы instagram-дағы парақшасында отадан кейінгі жағдайын айтып берді.
Ол кешелі бері алаңдап, жазып жатқан баршаға алғысын білдірді.
"Жақындарымда қатты уайымдап кеткен соң, байланысқа шыққаным жөн деп шештім. Ота өткен аптада жасалды. Қазір бәрі жақсы, шүкір. Ғұмырымның ең ауыр кезеңінде қолдау көрсеткен сіздерге көп рахмет! Денсаулықтарыңызды күтіңіздер, «Алла сүйген құлын жиі сынайды», дейді, бұл күндерден де өтерміз", - деп жазды ол.