Бесінші перзентіне аяғы ауыр екенін айтқан актриса Жұлдыз Әбдікәрімова мәлімдеме жасады.
Көпшілікті толдырған бала жайлы бүкпесіз айтылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Ұзақ уақыт жабылған ширманы ашатын уақыт келді.
#меніңбесіншібалам туралы жазбаларымды оқып жүрген тұрақты оқырмандарым бәрінен хабардар.
Егер сіз әлі оқымаған болсаңыз, басынан бастап, оқып шығыңыз. Сонымен, өткен жолы ерекше атын айтамын деп едім ғой. Тааак, барабанная дробь тұрсаңыз отырыңыз, отырсаңыз жатыңыз, әйтеуір, құлап қалмаңыз
Бесінші баламның аты - Ажырасам. Иә, иә! Бұған дейін айтып, жазып жүрген #меніңбесіншібалам – Ол менің алғашқы продюсерлік еткен және басты рөлге түскен толықметрлі фильмім туралы болатын. Бұл жоба мен үшін баладан кем болмады. Қанша жыл армандадым, сосын мақсат еттім, ойға салдым, ол аузымнан сөз боп айтылды, сол сөзге жан бітіп іс боп өмірге келді.
Бұл фильмді түсіру туралы алғаш рет 2021 жылдың тамыз айында Жанболат екеуміз талқылаған едік.
Сөйтіп, қараша айында сценаристпен кездесіп, идеясын іздедік. Басты талабым – арзан күлкі емес, астарлы мәні, алатын ойы болатындай фильм болуы.
Маған сіздердің қолдауларыңыз енді екі есе көп керек!
#меніңбесіншібалам - ол менің алғашқы кино-жобам!, - деп жазды Жұлдыз.
"Сәттілік серігің болсын!" деп жазған енесі Гүлзира Айдарбековаға "Әмин! Сіздердің тілектеріңіз бен халықтың қолдауы көпке де, көкке де жеткізер", деп ризашылығын білдірді актриса.