Телепродюсер, кинопродюсер, сценарист Гүлнұр Мамасарипова ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Instagram-парақшасында айтты.
"(...) Кешеден бері ауырып, ауруханаға түсіп қалғанымды білмей қалмаңыздар. Кеше инстаға шама болмаған, бүгін тіріле бастадым. Уже анандай стористер сап бастадым ғой, байқаған шығарсыздар. Елдер система салдырса да жыр ғып жатады ғой, мен кәдімгідей кардиологияда жатырмын, ал! Жүрегім де, жаным да мықты деп ойлайтынмын, олай емес екен... Жүрегіңді сақта", - дейді продюсер.
Мамасарипованың оқырмандары оның тезірек жазылып кетуіне тілектес болған.
"Сіз ауыра бермеңіз, ауыруға болмайды. Алай Былай еркеліп тұрыңыз но ауырмаңыз. Қазақты күлдіріп жылатып ойландырып, тәрбиелеп жүре беріңіз жап жақсы тәп тәуір әйбат қазақтың қызы, жақсы адам", "Алла шипасын берсін", "Аман болыңыз, мүшел жастан аман, жеңіл өтіңіз, басы мен аяғы да осы болсын сынақтың, шипалы ем болсын, енді ауырмаңыз", - дейді продюсердің оқырмандары.