$ 448.15  483.46  4.86

«Әнім саған, нұрлы елім!»

Қарашаның 9 күні Оңтүстік Қазақстан облыстық облыстық орыс драма театрында Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Оңтүстік Қазақстан облыстық опера және балет театрының әртісі Үралхан Сейлбекованың концерті өтті.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, опера әншісі «Әнім саған, нұрлы елім» атты шығармашылық кешін өз тыңдармандарына және жалпы операсүйер қауымға ұсынды. 

Концертке Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының, Астана-Опера театрының және Өзбекстан Республикасынан солистер келіп, Ү.Сейлбековаға сахнадан қолдау көрсетті. Ал, осынау опера кешін Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясының Сүгір атындағы ұлт-аспаптар оркестрі сүйемелдеді. Театрдың дрижерлік тізгінін Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері Ерболат Ахмедьяров пен Сүгір атындағы ұлт-аспаптар оркестрін Қуаныш Исмаилов ұстады. 

Опера кешіне келген өнерсүйер көрермен қазақ және Еуропа композиторларының операларын тыңдады.

Үралхан Сейлбекова 1976 жылы Мақтарал ауданында дүниеге келген. Жастайынан ән мен жырға құмартып өскен қыз өзінің әртістік қабілетімен, бұлбұл даусымен әлемдік ареналарда қазақ өнерін насихаттап жүргеніне 20 жыл. Бүгінгі таңда  ҚР Мәдениет қайраткері, облыстық опера және балет театрының солисі.

Үралхан Сейілбекова өнерлі отбасынан шыққан. Әкесі де ән мен жырдан кенде болмапты. Өнер жолының ауырлығына қарамастан, қызының қанатын шыңдаған әке бүгін өз еңбегінің жемісін көріп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары