10.01.2023, 05:30

Дастан Оразбеков: «Әйелдің тек ақылды болғаны аздық етеді»

©instagram.com/dastanello
Құр ақыл – бекер дүние.

Дастан Оразбековтың ойынша, әйел ақылды болып қана қоймау керек. Себебі, ақылдан да маңызды дүние бар дейді әнші, деп хабарлайды Stan.kz.

Өнер иесі “Жұбайыңыздың бойындағы қандай ерекшеліктерді бағалайсыз?” деген сұраққа: “Әрбір ер адам әйелінің адал болғанын қалайды. Қазіргі кезде түрлі жағдайларға куә болып жүрміз. Сондықтан адалдықтың қаншалықты маңызды екенін түсіне бастағандаймыз. Одан бөлек, ол кісінің ақылдылығы. Бірақ әйел адамның тек ақылды болғаны аздық етеді, оның түсінігі мол болу керек. Себебі, кейде адам ақылды бола тұра, түсінігі саяз, кешірімсіз болуы мүмкін. Ондай жағдайда, құр ақыл – бекер дүние”, – дейді Дастан.