Түркияда тағы да 4,9 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Жер сілкінісінің ошағы Қахраманмараш аймағынан солтүстік-шығысқа қарай 100 шақырым жерде болған. Тереңдігі 5 км. Жер сілкінісінен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Айта кетсек, бұл Түркияның Қахраманмараш провинциясында бүгін болған екінші жер сілкінісі. Бұған дейін аталған провинцияда қуаты 4,7 магнитудасымен жер сілкінісі тіркелген еді.