$ 487.37  532.94  5.09

«Акциямды тартып алды»: Гүлмира Сатыбалдының ісіне қатысты жәбірленуші Тұрсын Алагөзов жауап берді

Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша негізгі сот талқылауы жүріп жатыр.
Фото: azattyg.ruhy
Фото: azattyg.ruhy

Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша сотта жәбірленуші кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовтан жауап алынды. Ол Гүлмира Сатыбалды мен мен оның бұрынғы күйеуі Қайрат Сатыбалдының қалай қоқан-лоқы көрсеткенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Тұрсынғали Алагөзовті рейдерлік басып алу бірінші әйелі Лайсира Маратпен ажырасу кезінде басталған. Дәл сол кезеңде ерлі-зайыптылар арасында акцияны бөлу жұмыстары жүріп жатқан.

«Мен өз бизнесімнен шеттетілдім, рейдерлік фактісі бойынша құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болдым. Сондай-ақ, мені GALANZ Bottlers АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына қалпына келтіру үшін заң компаниясына жүгінуге мәжбүр болдым. 1,5 жылға созылған рейдерлік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Компанияның заңгерлері маған мүлікті бөлу қаупін болдырмау үшін сенімді адамдарыма қалған 43,25% акцияны қайта жазуды ұсынды»,-деді Тұрсын Алагөзов.

Кәсіпкердің айтуынша, ол өз акцияларын екі заңгер: Бердіқұлов пен Рифшановқа тиісінше 3% және 40,25% аударған. Алайда Қайрат Сатыбалды құнды қағаздарды заңыз жолмен иеленуге әрекеттенген

«2018 жылдың күзінде маған Бердіқұлов қоңырау шалды. Ол Қайрат Сатыбалдының хабарласып, Рифшанов екеуіне акцияны түгел Гүлмира Сатыбалдыға тапсыруды талап еткен», - деді Тұрсен Алагөзов.

Кәсіпкердің айтуынша, ол Гүлмира Сатыбалдыға акцияны бөлісу бұрынғы жұбайы екеуінің арасындағы ғана мәселе екенін айтыпты. Бірақ, ол қоқан-лоқы көрсетуін доғармағанын айтады.  Ақыры Алагөзов заңгерлердің өз акцияларын Гүлмира Сатыбалдының атына жазуына келісім берген. Тапсыру сату-сатып алу рәсімі арқылы жүзеге асырылған. Онда бір акцияның құны 1 теңгемен белгіленген. 

Прокурордың айтуынша, Гүлмира Сатыбалдыға ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабы 3-тармағында (қылмыстық құқықбұзушылық), 389-бабы 3-тармағында (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану арқылы жасалған құқықбұзушылық), 125-бабы 2-тармағы 1-8-тармақшасында (адамдар тобының алдын ала сөз байласып адам ұрлауы) көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген айып тағылып отыр.

Айта кетейік, сотта Гүлмира Сатыбалды өз кінәсін мойындаған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары