$ 498.34  519.72  4.85

Су тасқаны: Ақтөбе облысының Қобда ауылында төтенше жағдай жарияланды

Кедесуде әрбір зардап шеккен отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетінін атап өтті.
Фото: inform. kz
Фото: inform. kz

Ақтөбе облысының Қобда ауылында су тасқынына байланысты жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды. ТЖ Қобда ауданының әкімі Болат Құловтың шешімімен бекітілді,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық әкімдіктің мәліметіне қарағанда, 13 наурызда Қобда ауданында қардың қарқынды еруіне және далалық еріген қар суы салдарынан Қобда ауылында 15 тұрғын үй, 32 аула аумағы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені ғимараты, екі мектеп және елдімекеннің төменгі бетінде орналасқан екі коммерциялық нысан су астында қалды. Тұрғындар эвакуациялық пункттерге көшірілді.

Елді-мекенде су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру жалғасуда. Арнайы техника жұмыс істеуде, инертті материалдарды төгу, қапшықтарды төсеу және су сорғылау жұмыстары күшейтілді.

Жұмыс барысын облыс әкімі Ералы Тоғжанов тексерді.

Естеріңізге сала кетейік, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және елдімекеннің су басуын болдырмау мақсатында «Самара-Шымкент» халықаралық маңызы бар тас жолдың 613-шақырымын бұзу туралы шешім қабылданды.

Облыс әкімінің тапсырмасымен металл су өткізгіш құбырларды орнату және инертті материалдармен толтыру жұмыстары басталды. Өңір басшысы жұмысты қысқа мерзімде аяқтауды және автокөлік қозғалысын қалпына келтіруді тапсырды.

Ералы Тоғжанов тұрғындармен кездесуде әрбір зардап шеккен отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетінін атап өтті.

«Ең бастысы - тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Ауданда комиссия құрылып, барлық үйлер тексерілетін болады. Біз барлығын қолдаймыз, қаражат бөлеміз, бәрін мүмкіндігінше тез қалпына келтіреміз. Бұл жағдайға мұқият талдау жүргізіліп, су тасқынының қайталануына жол бермеу бойынша шаралар қабылданады», - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары