$ 498.34  519.72  4.85

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қазгидромет» РМК 15 наурызда бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігі мен орталығында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл тұрады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, өңірдің батысында, солтүстігі мен орталығында күші 15-20 м/с құрайды.

Қостанай облысындажауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде) күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын болады. Өңірдің оңтүстігінде тұман, көктайғақ болжанады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 23 м/с артады. Ауа температурасы күндіз 0-5 аяз, облыстың оңтүстігінде +3 жылы болады.

Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, күндіз солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні – 15-20 м/с.

Түнде Ақмола облысыныңбасым бөлігінде, күндіз солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (көбінесе қар түрінде) болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады. Өңірдің батысында тұман күтіледі. Желдің екіпін – 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні – 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Желдің екпіні – 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Желдің күші – 15-20 м/с.

Күндіз Атырау облысының батысында, шығысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Таңертең және күндіз Павлодар облысының басым бөлігінде жауын (жаңбыр, қар) жауып, өңірдің батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болады. Таңертең және күндіз облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы – күндіз 2 градус аяз -3 жылы, облыстың оңтүстігінде 8 градус жылы.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.

Алматы қаласында түнде және таңертең тұман болжанады.

Түркістан облысының солтүстігінде тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз өңірдің солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында желдің күші екпіні 23 м/с жетеді.

Сондай-ақ15-17 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына, сондай-ақ қатты жауын-шашынның күтілуіне байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.
15-17 наурыз аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарындақар аралас жаңбыр жауып, ауа температурасының жоғарылауына байланысты қар қарды ериді. Салдарынан тасқын су қалыптасып, өзен-көлдерде мұз әлсірейді, су деңгейі көтеріліп, арнасынан асуы ықтимал.

15-17 наурыз аралығында Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында жоғары ауа температурасының сақталуы мен одан әрі жоғарылау болжамына сәйкес қардың қарқынды еруі, тасқын судың қалыптасуы, мұздың әлсіреуі және өзендерде су деңгейінің көтерілуі сақталады. Бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін.

Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі және елді мекендері су басу қаупі бар.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары