$ 442.05  474.14  4.74

Атырауда бес мектеп қашықтан оқуға ауыстырылады

Атырауда №13, 31, 19, 22, 27 мектептің оқушылары төртінші тоқсаннан бастап қашықтан оқиды.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Атырауда №13, 31, 19, 22, 27 мектептің оқушылары төртінші тоқсаннан бастап қашықтан оқиды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мектептерде 2023 жылға күрделі жөндеу жоспарланған.
Қазіргі уақытта мердігер ұйымдармен шарттар жасалып, дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу наурыз айының соңында басталып, 3,5-6,5 айдан кейін аяқталуы керек.
"Жұмыстар авторлық және техникалық қадағалау ұйымдарын тарта отырып, бекітілген ЖСҚ бойынша орындалатды. Егер жөндеуді жазғы демалыста бастаса, 2023 жылдың 1 қыркүйегінде жаңа оқу жылы басталғанға дейін жұмыстарды аяқталмауы да мүмкін", – деді қалалық білім бөлімі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары