Жаңалықтар 23.03.2023 сағат 23:30

Роналду мұсылмандарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

Рамазан - мұсылмандар үшін парыз ораза айы.
Роналду мұсылмандарды Рамазан айының басталуымен құттықтады
Фото: ronaldo инстаграм парақшасынан

"Аль-Наср" клубының футболшысы Криштиану Роналду мұсылмандарды Рамазан айының басталуымен құттықтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Рамазан мүбәрәк!" - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Рамазан - мұсылмандар үшін парыз ораза айы. Бір ай бойы мұсылмандар күндіз ішіп-жеуден, темекі шегуден бас тартады. 

Еске салайық, Роналду былтыр қыста Сауд Арабиясының "Аль-Наср" командасының сапына қосылған еді. Ал қарашада ол журналист Пирс Морганға сұхбат берді, бұл оның "Манчестер Юнайтедтен" кетуіне себеп болды.

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар