$ 442.05  474.14  4.74

Атырауда қаңтар айында суға батып кеткен адамның денесі табылды (ВИДЕО)

Ол 5 қаңтар күні суға батып кеткен.

Атырауда 5 қаңтар күні суға батып кеткен 49 жастағы ер адамның денесі 22 наурыз күні Жұмыскер шағын ауданынан табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

2023 жылдың 5 қаңтары күні сағат 11:14-те Атырау қаласы маңындағы Жұмыскер ауылында Жайық өзенінде екі адам мұз астына түсіп кеткен. Олардың бірін құтқарушылар құтқарып, облыстық ауруханаға жеткізген. Ал екінші адамды құтқару мүмкін болмады. Іздеу жұмысы шамамен бір айға созылған, бірақ ауа райына байланысты тоқтатылған болатын.

16 наурызда күн райының жылынуымен іздеу жұмысы қайта жанданды. Іздеу жұмысына 5 құтқарушы мен 1 жүзу құралы жұмылдырылды.

22 наурызда Атырау облысы ТЖД қызметкерлері суға батқан 49 жастағы ер адамның денесін Жұмыскер шағын ауданында тапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары