Қазақстандық Евгений Павлов (9-0, 7 КО) Мексикада өткен бокс кешінде Хуан Карлос Мирелесті (8-4-2, 6 КО) нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Sports.kz порталы.
Бокс кеші Мехикали қаласында өтті. Ал Павлов екінші аса жеңіл салмақта өнер көрсетті. Сегіз раундан тұратын жекпе-жек екінші раунда аяқталды. Қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Осылайша, кәсіпқой бокста тоғызыншы рет жеңіп отыр. Мирелес төртінші рет ұтылды.
Айта кетері, Евгений Павлов WBA International титулын жеңіп алған және танымал мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареспен (58-2-2, 39 КО) бір залда жаттығады.
Бұған дейін Альварес үш қазақстандық боксшыны мақтап, болашақ чемпион деп атады. Олардың ішінде Евгений Павлов та бар.