Қасиетті Рамазан айы басталғалы бірнеше күн өтті. Оразаны қалай дұрыс ұстау керектігі жайында жиі айтылса да, алғаш рет ораза ұстағандар үшін туындайтын сұрақтар көп. Назарларыңызға оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайларды ұсынамыз.
Оразаны не бұзбайды?
Ұмытып ішіп-жеу оразаны бұзбайды. Бірақ ұмытқан адам есіне түскен кезде жеуді дереу тоқтатуы керек;
Ұйқыдан жүніп болып ояну;
Әйелін сүю немесе денесіне қолын тигізуі. Мұндай жағдайларда егер мәни шықпаса, ораза бұзылмайды;
Әйеліне қолын тигізбесе де, оған қараудан немесе шәһуәтын қоздыратын жағдайларды ойлап мәни шықса;
Түнде жүніп болып, ғұсыл алуды сәресі уақытынан кейінге қалдыру;
Аузына келген қақырықты жұту;
Түкірік немесе мұрынды тарту арқылы бір нәрсенің тамаққа кетуі;
Құлаққа су кіру, бұлық ағу;
Темекі түтіні немесе топырақ, шаң, ұнның тозаңы, қардың ұшқыны, жауынның тамшылары тамаққа еріксіз кірсе, ораза бұзылмайды;
Тістердің арасында қалған тамақ қалдықтары ноқаттан кішкене болса, оны жұту оразаны бұзбайды;
Еріксіз ауыз толы құсу немесе оның ішке қайта кетуі оразаны бұзбайды;
Қан алдыру немесе сүлік салдыру;
Көзге, құлаққа дәрі тамызу;
Мисуак немесе тіс пастасын қолдану оразаны бұзбайды. Бірақ пастасы ішке кетіп қалса бұзылады. Ең абзалы таң намазы кірмей тұрып тістерді жуу;
Тіс жұлдыру оразаға кедергі жасамайды. Бірақ жұлдырған уақытта ауыздағы қанды яки дәріні жұтпау шарт;
Ауыз бен мұрынға су алып шайқау оразаны бұзбайды. Бірақ тамаққа кетпеуін қадағалау қажет;
Душқа жуыну, теңізге, көлге түсу оразаны бұзбайды. Бірақ су жұтып қоюдан сақтануы керек.
Оразаны не бұзады?
Әдейі бір нәрсені жеп-ішу;
Темекі шегу, насыбай ату, дәрі ішу, құрамында нәрлі заттары бар укол қабылдау;
Аузындағы жаңбыр тамшыларын әдейі жұту; Бұл жайлы мына хадисте айтылған: «Ораза кірген нәрселерден ғана бұзылады, шыққаннан емес».
Әйелімен жақындасу (яғни, таң намазынан ақшам намазына дейін жақындасу оразаны бұзады);
Cебепсіз қорек немесе қоректік қасиеті бар барлық заттарды біле тұра әдейілеп жеу оразаны бұзады;
Мұндай жағдайларда каффарат оразасын ұстау қажет. (Каффарат деп – рамазан айының оразасын себепсізден-себепсіз біле тұра бұзып жіберсе, екі ай ораза ұстауды, оған шамасы келмесе алпыс кедейді тамақтандырып, тойғызуды айтады).
Дереккөз: muftyat.kz