30.03.2023, 07:30

Пітір садақаны кімдерге берген дұрыс?

Фото: islamnews.ru
Биыл пітір садақа мөлшері 535 теңге болып белгіленді.

Қасиетті Рамазан айында берілетін пітір садақаны кімдерге берген дұрыс? Бұл сауалдың жауабы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты muslim.kz сайтында жарияланды.

"Пітір садақаны Құранда айтылған жағдайы жоқ жандарға, ештеңесі жоқ міскінге, зекет жинауға тағайындалған белгілі адамдарға, қарызға батқандарға, Алла жолында қызмет етіп жүрген азаматтарға, қаржылары бітіп, жолда қалған жолаушыларға беріледі. Әке-шешесіне, ата-әжесіне, әйеліне, өзінің ұл-қыздарына, олардан туған немерелеріне садақа беру дұрыс емес. Бірақ пітір садақаны алдымен өз туыстарына, ағайындарына, көршілеріне бергені абзал. Одан артылып жатса немесе беретін жері болмаса, мешітке апарып берсе де болады. Бұл үрдіс бізде бұрыннан қалыптасқан. Мешіт оны мұқтаж жандарға үлестіреді және дін жолында пайдаланады", - делінген жауапта.

Еске сала кетейік, биыл пітір садақа мөлшері 535 теңге болып белгіленді. Рамазан айы 23 наурызда басталды. Ал сәуірдің 17-нен 18-не қараған түні - Қадір түні. 21 сәуір – ораза айт мерекесі басталады.

nur.kz