30.03.2023, 10:20

Астана мен Семейде із-түзсіз жоғалған екі адам өлі табылды

© instagram/volontery_almaty_lider.kz
Ол үйден шығып, белгісіз бағытқа кеткен.

Астана мен Семейде әр уақытта із-түзсіз жоғалып кеткен екі адам өлі табылды. Ер адамдар өлімінің мән-жайы айтылмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі LIDER.KZ еріктілерінің Instagram-парақшасына сілтеме жасап.

Астанада 1993 жылы туған Пивачев Виталий жоғалып кетті. Ол 23 наурызда түнгі сағат 01:00 шамасында Чехов көшесіндегі үйден шығып, белгісіз бағытқа кетіп, қайтып оралмаған. 28 наурызда ер адамның қайтыс болғаны белгілі болды.

Жұмағұлов Нұрлан Талғатбекұлы 1954 жылы туған, Семейде тұратын. Ер адам 7 наурызда жоғалып кеткен. Ол үйден шығып, белгісіз бағытқа кеткен. Соңғы рет оны балықшылар суда көрген. 28 наурызда ер адамның қайтыс болғаны белгілі болды.