$ 482.86  533.17  5.08

Түркістан облысында жоғалып кеткен бесінші сынып оқушысының денесі табылды

Еске сала кетейік, 25 наурызда шамамен сағат 17:00-де кәмелет жасына толмаған қыз бала үйінен ойнауға шығып кетіп, қайта оралмаған еді.
Фото: ТЖД
Фото: ТЖД

Түркістан облысында 25 наурыз күні жоғалып кеткен бесінші сынып оқушысының денесі табылды.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 112 қызметкері, 1 квадрокоптер, 7 техника және 5 сүңгуір, 2 су көлігі, 1 техника, 20 адам, Полиция департаментінен 4 техника, 2 қызметкер, 1 дана Іздестіру-құтқару жұмыстарына жергілікті атқарушы органдардың техникасы тартылды.

"30 наурыз күні сағат 10:10-да оқиға орнынан 11 шақырым жерде ТЖД Арнайы жасақ бөлімінің күштері із-түзсіз жоғалғандардың мәйітін тауып, судан шығарды", деді Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 25 наурызда шамамен сағат 17:00-де кәмелет жасына толмаған қыз бала үйінен ойнауға шығып кетіп, қайта оралмаған еді.

Дереккөз: nege.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары