$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысының экс-бас полицейі сотқа мәжбүрлеп жеткізіледі

Күдебаевтың соты биылғы жылдың қаңтарында басталды.
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Сот отырысына төрт мәрте келмеген Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлеп жеткізілетін болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы облыстық Полиция департаментінің бұрынғы басшысына 10 наурызда генерал-майор Күдебаевқа қатысты үкім шығарылуы керек еді. Алайда оның сырқатына байланысты сот отырысы төрт рет кейінше шегерілді.

Жетісу облысы сотының хабарлауынша, қылмыстық іс бойынша сот отырысы 3 сәуір сағат 10:00-де өтеді.

Сотталушы сот отырысына келмеді. Сотталушыда бұған дәлелді себеп жоқ. Соған байланысты қылмыстық-процестік кодекстің 157 және 335 бабына сәйкес, Серік Күдебаевты көрсетілген уақытта мәжбүрлеп әкелу туралы қаулы шығарылды, - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, Серік Күдебаев 2020 жылдан 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарды. 58 жастағы полиция генарал-майоры қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Тергеу мәліметінше, ол қаңтар оқиғасы кезінде жұмыс орнын тастап, кетіп қалған. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде полиция департаментінен қару-жарақтар ұрланған.

Күдебаевтың соты биылғы жылдың қаңтарында басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сот #полиция