$ 494.87  520.65  4.91

Президент азық-түлік бағасын реттеуді тапсырды

Инфляцияны тежеу қажет.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияны биыл екі есеге төмендетуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Премьер-министрді тағайындауға жиналған мәжілістің жалпы отырысында президент жаңадан құрылатын үкіметтің алдында бірқатар міндет қойды. Соның бірі инфляция.

"Инфляцияны тежеу қажет. Биыл оны кемінде екі есеге төмендету керек. Ең алдымен, азық-түліктің бағасын реттеу аса маңызды. Сол себепті агроөнеркәсіп кешенін және сауда-саттықты дамыту – негізгі басымдықтың бірі", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы ішкі нарықты өз өнімдерімізбен барынша қамтамасыз етуді тапсырды.
Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары